Қосшыда алыптар сайысады

Қосшыда алыптар сайысады

Білекті, жүректі жігіттерді шақырамыз!

Сайыс бес кезеңнен тұрады:

І кезең – 130 кг бөрене көтеру.

Қатысушы салмағы 130 кг болатын арнайы бөренені иықтан жоғары толық көтеруі тиіс. Белгіленген уақыт ішінде ең көп рет көтерген қатысушы жеңімпаз болып танылады. Жаттығудың орындалуын бас төреші бағалайды.

ІІ кезең – Арбаны сүйрету.

Қатысушы арнайы жабдықталған арбаны белгіленген қашықтыққа мүмкіндігінше қысқа уақытта сүйреп жеткізуі тиіс. Жеңімпаз ретінде тапсырманы ең аз уақытта орындаған қатысушы болады.

ІІІ кезең – Найза лақтыру.

Қатысушы белгіленген тәртіп бойынша найзаны мүмкіндігінше алыс қашықтыққа лақтырады. Әр қатысушыға төрешілер белгілеген мөлшерде әрекет беріледі. Ең алыс нәтиже есепке алынады.

IV кезең – Тас лақтыру.

Қатысушы арнайы дайындалған тасты белгіленген әдіспен барынша алыс қашықтыққа лақтырады. Ең үздік нәтиже жарыс хаттамасына енгізіледі.

V кезең – Тас көтеру.

Қатысушы арнайы ауыр тасты көтеріп, белгіленген тұғырға немесе белгіленген биіктікке орналастыруы тиіс. Тапсырманы ең қысқа уақытта немесе ең көп рет орындаған қатысушы жеңімпаз болып танылады.