Бүгін оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру және суға түсу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздіктің алдын алу шаралары мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Бүгін оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру және суға түсу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздіктің алдын алу шаралары мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Кеңеске Қосшы қаласы әкімдігінің, прокуратураның, полиция бөлімінің, білім бөлімінің, төтенше жағдайлар қызметінің, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласының және өзге де жауапты мекемелердің өкілдері қатысты.

Жиын барысында балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі тиімді ұйымдастыру, су айдындарында қайғылы жағдайлардың алдын алу, рұқсат етілмеген орындарда шомылудың қауіптілігі, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын күшейту және жауапты мекемелердің өзара іс-қимылын үйлестіру мәселелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды күшейту жөнінде шешім қабылданды.