
Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев Тайтөбе ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауылдың өзекті мәселелері мен даму бағыттарын талқылады. Жиында Тайтөбе ауылының әкімі Рүстем Ахметов баяндама жасап, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған нақты жұмыстарға тоқталды.
Бүгінде Тайтөбе ауылында жол жөндеу, ауыз су және газ құбырларын тарту, электр жарығын қосу, көше шамдарын орнату жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыстар тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған.
Кездесу барысында тұрғындар өз сауалдарын жолдап, барлық сұрақтарға толық әрі дәлелді жауаптар алды. Әкім көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алатынын атап өтті.