
Құрметті Қосшы қаласының тұрғындары!
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңның 13-бабына сәйкес, халықты ақпараттандыру, жеке және заңды тұлғалардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі бойынша шешімдерді талқылауға қатысуы мақсатында, Қосшы қаласының тұрғындарын «Қала маңы аймағы аумақтарын қала құрылысын дамытудың кешенді схемасы» жобасымен танысуға және қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.
Жобаны қоғамдық талқылау күні мен уақыты: 2026 жылғы 17 шілде, сағат 15:00.
Өтетін орны: Қосшы қаласы, Республика көшесі, 11-үй, 2-қабат (концерт залы).
Жоба «Қазақстан Республикасында қала құрылысы жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі туралы нұсқаулық» ҚР ҚН 3.01-00-2011 талаптарына, сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес әзірленді.
Жоба материалдарымен Қосшы қаласы әкімдігінің ресми сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy?lang=kk
Дәлелді ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша нысанда (қағаз немесе цифрлық жеткізгіштерде) 2026 жылғы 13 шілдеге дейін (қоғамдық талқылаулар өткізу басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей) келесі электрондық мекенжайға жолдауға болады: astanagenplan.res@gmail.com
Қосшы қаласының дамуына белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/3309532632?pwd=gw2AbTbTRLSn67JKkXpstWUJzrA7OO.1
Конференция идентификаторы: 330 953 2632
Құпия сөз : r81c9h