
Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіздігіміздің қасиетті нышаны, елдігіміз бен бірлігіміздің айғағы. Рәміздеріміз – халқымыздың рухын көтеріп, Отанға деген сүйіспеншілікті ұрпақ санасына сіңіретін қастерлі құндылықтар.
Көк Туымыз әрдайым бейбіт аспан астында желбіреп, Әнұранымыз асқақтай берсін! Елтаңбамыз елдігіміздің берік тұғыры болып, мемлекетіміздің мәртебесін биіктете берсін!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен тұрақтылық тілеймін!
Құрметпен,
Қосшы қаласының әкімі
Азамат Қапышев