
Оқу-жаттығу барысында қаланың азаматтық қорғау қызметтері мен шұғыл ден қою жасағының көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жоюға дайындығы тексерілді.
Жаттығуға қала бойынша 35 арнайы техника мен 45 маман жұмылдырылды.
2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Қосшы қаласында жалпы төрт іс-шара өткізілді.
Сонымен қатар, қыс басталғалы бері қала аумағынан арнайы полигонға 104 200 текше метр қар шығарылды.