Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

Қосшы қаласының әкімі Азамат Есімұлы аптаның сейсенбі күні таңғы сағат 09.00. мен 12.00. аралығында қала тұрғындарын жеке қабылдайды. Оған әкімнің орынбасарлары, тиісті бөлімнің басшылары, қалалық мәслихаттың депутаттары мен қоғамдық кеңестің мүшелері қатысып, сұрақтарға жедел түрде жауап беріп, көтерілген мәселенің шешімін бірлесіп табады. Ашық әкімдік —қағидатының басты мақсаты да сол.

Қабылдауға азаматтар жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, табиғи газга қосылу жұмыстарына қатысты сұрақтармен келеді.

Қабылдауға алдын ала 8 7172 607 770 байланыс телефоны арқылы жазылуға болады.