Сіздерді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Өткен жыл Қосшы қаласы үшін серпінді дамуымен, нақты нәтижелерімен есте қалды. Қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын негізгі көрсеткіштер бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Бүгінде Қосшы қаласы қарқынды дамып келе жатқан, елді мекендердің біріне айналып отыр. Халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік нысандар салу, сумен жабдықтау, энергиямен қамту, жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асуда.
Қаламыздың өсіп-өркендеуіне өз үлестеріңізді қосып келе жатқан әрқайсыңызға шынайы алғысымды білдіремін. Бірлігіміз бен еңбегіміздің арқасында Қосшы қаласы жылдан-жылға көркейіп, заманауи келбетке ие болуда.
Жаңа жыл баршаңызға жаңа мүмкіндіктер, игі бастамалар мен толайым табыс әкелсін! Әр шаңыраққа амандық, құт-береке тілеймін! Несібеміз молайып, әрбір ісіміз берекелі болсын!
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, ардақты жерлестер!
Құрметпен, Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев.