Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев қала тұрғындармен кездесті

Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев қала тұрғындармен кездесті

Қосшының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инфрақұрылымды жетілдіру бағытында жасалған жұмыстарға есеп берілді, алдағы уақытта жүзеге асатын инфрақұрылымдық жұмыстардың реті таныстырылды.

Қаланы газдандырудың алғашқы кезеңі толық аяқталды. Электр желілерін жаңғырту, көшелерді жарықтандыру, ауыз сумен қамту жүйесін кеңейту, жол салу және жөндеу жұмыстарының жұмыстары баяндалды.

Қала тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.