
Баршаңызды ел мерейін асыратын қастерлі мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – әр қазақстандық үшін ең қымбат құндылық, елдігіміздің тұғыры, бірлігіміздің берік символы.
Еліміздің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан мемлекет қайраткерлеріне, еліміздің өркендеуіне қызмет етіп жүрген барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Тәуелсіздікті сақтау – өткенге құрмет, бүгінгі бейбіт өмірдің бағасы және келешек ұрпақ алдындағы аманат.
Соңғы жылдары Қосшы қаласы да тұрақты түрде дамып келеді. Жаңа әлеуметтік нысандар бой көтеріп, жол, су, жарық, газ сияқты инфрақұрылым жүйелі түрде жаңартылуда. Қаладағы игі бастамалар — тұрғындардың белсенділігі мен қолдауының нәтижесі. Қосшы – еңбегі еленген, болашағы жарқын, бірлігі бекем қала ретінде өсіп келеді.
Құрметті ағайын!
Тәуелсіздік күні – елдің мерейін өсіретін, рухымызды көтеретін ұлық мейрам. Бірлігіміз бекем болып, тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін! Әр шаңырақта амандық, береке-тыныштық орнасын!
Баршаңызға мықты денсаулық, мол ырыс, толайым табыс тілеймін!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
🖋 Құрметпен, Қосшы қаласының әкімі Азамат Есімұлы