
Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев Тайтөбе ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауылдың өзекті мәселелері мен даму бағыттарын талқылады. Жиында Тайтөбе ауылының әкімі Парасат Досмағамбетов баяндама жасап, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған нақты жұмыстарға тоқталды.
Бүгінде Тайтөбе ауылында жол жөндеу, ауыз су және газ құбырларын тарту, электр жарығын қосу, көше шамдарын орнату жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бұл – ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды шаралар.
Кездесу барысында тұрғындар өз сауалдарын жолдап, барлық сұрақтарға толық әрі дәлелді жауаптар алды. Әкім көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алатынын атап өтті.
Осындай кездесулер тұрғындар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара байланысты нығайтып, ауылдың одан әрі дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз.