
Азаттықтың алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі ешқашан ұмытылмайды, әрдайым құрметке ие.
Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталуы тиіс.
2025 жылдың 9 желтоқсаны күні қалалық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Қосшы қалалық қоғамдық мәдениет орталығында «Желтоқсан – Тәуелсіздік шежіресі» атты кездесу өтеді.
Кездесуде желтоқсан оқиғасының куәгерлері «Нағыз Желтоқсан» қоғамдық қорының Президенті Рахметов Құрманғазы Әбденұлы, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстанның мәдениет қайраткері Баймұханов Мұхамедқали, ақын, сазгер Тілепбердиев Ерқожа Әлғожаұлы және кәсіпкер Тәуекелов Ғалы Әлімбекұлы қатысып, тарихи күндердің естеліктерін, еркіндік жолындағы жас буынның қайсар рухы мен күресі туралы әңгімелейтін болады.
Тәуелсіздік жолындағы күрестің соңғысы-желтоқсан оқиғасының шежіресін бірге тыңдайық! Келіңіздер!