
2025 жылғы 10 қарашада Қосшы қаласы әкімдігінің мәжіліс залында атаусыз көшелерге атау беру бойынша өткен қоғамдық тыңдаулардың хаттамасынан үзінді.
Іс-шараға мәслихат депутаттары, атқарушы және жергілікті органдардың өкілдері, қала тұрғындары мен қоғам өкілдері қатысты. Қосшы қаласында атауы жоқ бес көшеге атау беру мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өтті.
Көпшілік тыңдау барысында ұсыныстар мен пікірлер талқыланып, Қосшы қаласының №19 шағын ауданындағы №17 көшеге - Қожағұл Әубәкіровтің, №19 шағын ауданындағы №18 көшеге - Ахмет Төлеубековтің, №19 шағын ауданындағы №19 көшеге - Ахметбек Исеновтің, №19 шағын ауданындағы №21 көшеге - Мейрам Алиевтің, «Асыл түлік» шағын ауданындағы №2 көшеге - Саябек Шариповтың есімдерін беру туралы шешім қабылданды.