
Жобаны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі және Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігі жүзеге асыруда.
Оның басты мақсаты - жергілікті шикізаттан өнім жасайтын кәсіпкерлерді қолдау, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінің танымал қабілетті бірегей тауарларды ілгерілету. «Бір ауыл - бір өнім» жобасы 2021 жылы Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) және халықаралық даму институттарын қаржыландырудың қолдауымен бастамашы болды.
Іс-шара қонақтары экологиялық таза азық-түліктен бастап инновациялық ауыл шаруашылығы және қолөнер бұйымдарына дейін өнімнің кең ассортиментімен таныса алады.
Ағымдағы жылдың шілде айында Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасы өткізген облыстық байқаудың қорытындысы бойынша үш финалист қатарына Қосшы қаласының қолөнершісі Әлия Қалиасқарова кірді. Оған осы Республикалық байқауда Ақмола облысын таныстыруға бірегей мүмкіндік туды. Әлия қазақ қолөнерінің ежелгі дәстүрлерін дамытып, киізден қолдан жасалған бұйымдар, сырмалар, текеметтер, ұлттық керек-жарақтар мен тұрмыстық заттар жасап, өз жұмыстарында дәстүрлер мен заманауи көркемдік көзқарасты біріктіреді.
Әлияның әрбір бұйымы - жай ғана кәдесый емес, жан дүниесі мен қазақ мәдениетінің бір бөлігі. Өзінің таланты мен шеберлігінің арқасында бұйымдар елімізден тысқары жерлерде танылады, бұйымдардың 80% шетелдік туристер сатып алады және этникалық өнерді бағалаушылар арасында танымал болады.
Өндірілген өнімді одан әрі дамыту мақсатында 5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар тек қана әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және осы жобаның финалистеріне беріледі. Әлия жобаның финалисті ретінде грант түрінде мемлекеттік қолдауға ие болды және өндірісте қажетті жабдықтарды сатып алды. Мұндай кездесулер жұмыста көп көмектеседі, қолөнершілер өз тәжірибелерімен бөліседі, шеберлік дәрістерін өткізеді, бұл жалпы алғанда өнімді танымалдыққа және ілгерілетуге қызмет етеді.
Көрмеде әрбір келуші шеберлермен жеке танысып, олардың жұмыстарын бағалап, бірегей қазақстандық брендтердің дамуына қолдау көрсете алады.
#Ақмолаоблысыныңкәсіпкерлерпалатасы