Қосшы қаласының әкімі, әкімнің орынбасарлары, тиісті бөлімнің басшылары, қалалық мәслихаттың депутаттары мен қоғамдық кеңестің мүшелері әр аптаның сәрсенбісі күні тұрақты түрде таңғы сағат 09.00. мен 12.00. аралығында қала тұрғындарын жеке қабылдап, жедел түрде жауап беріп, көтерілген мәселенің шешімін бірлесіп табуды әдетке айналдырған. Ашық әкімдік —қағидатының басты мақсатыда сол.
Қабылдауға азаматтар жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, табиғи газга қосылу жұмыстарына қатысты сұрақтармен келеді.
Бүгінгі қабылдауды қала әкімінің орынбасары Садыров Нұрлан Әбілхамитұлы, қалалық мәслихаттың депутаты Дүкенбаев Сәбит Мұратұлы және Қоғамдық кеңестің мүшесі Сәдібек Түгел жүргізді.
Қабылдауға алдын ала 87172607888 байланыс телефоны арқылы жазылуға болады.