Қосшыда жолдар жаңарып жатыр!

Қосшыда жолдар жаңарып жатыр!

Күрделі жөндеу жұмыстары жасалған жолдың ұзындығы – 8,6 шақырым, ал 35 шақырым жолға қиыршық тас төселді!

Дәл қазір 12 көшеде жол салынуда. Сәкен Сейфуллин, Алтын дала, «Ынтымақ» ТК, №1, №2, №3, Есіл, Күлтегін, М. Қашғари, Тоныкөк, Балуан Шолақ және Әлихан Бөкейхан көшелері.

Сонымен қатар, тамыз айынан бері қалада жолдарды жөндеу, тегістеу және инертті материал төсеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Атап айтқанда, Ш.Қалдаяқов, Алтай, Ақан сері, Абай және Зайсан, Республика көшесінде, «Нұрай» және «Орион» ТК, «Лесная поляна» тұрғын алабындағы кіреберіс және ішкі орам жолдарында
ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр.

Солтүстік квартал, Оңтүстік және 19–20 шағын аудандардағы жолға грейдерлеу жұмыстары жүргізілді!

Жол құрылысы жұмыстарын «АБК Автодор НС» ЖШС, «Энергодор» ЖШС, «Империум» ЖШС мердігер компаниялар атқаруда.

Қала бойынша жол жөндеу жұмыстары бұдан кейін де қарқынды жалғасып, тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз қозғалыс жағдайын жасау қала басшылығының жіті назарында болады.