Шараны М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және Қосшы қаласының “Орталықтандырылған кітапхана жүйесі” бірлесіп ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты – кітапхана саласына жаңа технологияларды енгізу, жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін таныстыру және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы Академиялық кітапханасының директорының орынбасары Жолдыбалинов Нұржан Нұрланұлы
«Жасанды интеллект және электрондық кітапхана: Қазақстан кітапханаларының жаңа қырлары» атты баяндамасында ЖИ технологияларының кітапхана жүйесін жаңғыртудағы маңызына тоқталды.
Степногорск қалалық кітапханасынан келген Нұрдаулетова Нұрзила Беркінбайқызы
«Жасанды интеллект. Әрекет ет. Дамы. Жетістікке жет» жобасын таныстырып, кітапханашылардың шығармашылық әлеуетін арттыру жолдарын ұсынды.
М. Жұмабаев атындағы АӨӘҒК-ның әдіскері Таженова Айгерім Телегенқызы «Жасанды интеллект – кітапханашының көмекшісі ретінде мүмкіндіктері» тақырыбында сөз сөйлеп, ЖИ құралдарының кітапхана ісіндегі нақты тиімділігін мысалдармен көрсетті.
Осындай кәсіби кездесулер кітапханашылардың біліктілігін арттырып, мәдениет пен технологияның үндесуіне жол ашады.
#ҚосшыҚалалықКітапханасы #ЖасандыИнтеллект #КітапханаІсі #Инновация #СеминарПрактикум #АқмолаОблысы #Қосшы