Дене шынықтыру және спорт саласында спортшылардың разрядтық нормалар мен талаптары шартын орындаған кезінде спортшыларға спорттық атақ пен разряд беріледі. Бұл дегеніміз спортшы жеткен жетістік пен кәсіби шынығуын белгілейді. «Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-сі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізімдемесіне сәйкес 2 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
Олардың ішінде: біріншісі «3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру» және «Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану». Аталған мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық және қағаз түрінде алуға болады. Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты Қосшы қаласы, Республика көшесі, 46 құрылыс мекен-жайы бойынша алуға болады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет турлері бойынша нақты анықтама алу үшін бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефон арқылы алуыңызға болады.