"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ газбен қамтуға қосылуға техникалық шарттар беру үшін өтінім қабылдауды бастады. Өтінімді Республика көшесінен бастап Абай көшесіне дейінгі оң және сол жағында орналасқан 1-ші іске қосу кешеніне кіретін үйлер мен нысандар иелері бере алады.🚨 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополия субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының 261-тармағына сәйкес (бұдан әрі — Қағидалар)
Техникалық шарттарды алу үшін қажетті құжаттар:
1. Жеке тұлғалар үшін – нысан иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
2. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (тіркелген ауыртпалықтар) туралы мәліметтер немесе объект орналасқан жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын құжаттың көшірмесі немесе аяқталған құрылыс нысанын реттелетін қызметке қосу кезінде жылжымайтын мүлік иесінің объектіні газдандыруға нотариалды расталған келісімі.
3. Жер учаскесіне тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер немесе жер учаскесіне құқықты растайтын құжаттар;
4. Газдандырылатын нысанға (тұрғын үйге) арналған техникалық паспорттың көшірмесі немесе қолданыстағы (үйішілік) желілерді қайта құруға арналған газдандырудың эскиздік жобасының көшірмесі;
Ескерту: Газ желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру туралы өтінімге тұтынушы құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады
НЕМЕСЕ
Өтінімді Egov.kz порталында ЭЦҚ кілті арқылы, сондай-ақ eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. (жүктеу қажет жалғыз құжат – нысанның техникалық паспорты PDF форматында)
Мына мекенжай бойынша хабарласуға болады:
«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Астана өндірістік филиалы,
Б. Момышұлы даңғылы, 2/2-үй.
Тел.: +7 7172 55 89 75