«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ газбен қамту желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды беру бойынша өтінім қабылдауды бастады. Өтінім беруге 1-ші іске қосу аймағына кіретін үйлер мен нысандар құқылы (Республика көшесінің оң және сол жағы, Абай көшесіне дейін).
🚨 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығымен бекітілген «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының» 261-тармағына сәйкес
Техникалық шарт алу үшін қажет құжаттар:
1. Объект иесінің жеке куәлігінің көшірмесі (жеке тұлғалар үшін).2. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (немесе ауыртпалықтар) туралы мәліметтер;
– не жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
– немесе нысан иесінің газға қосуға нотариалды куәландырылған келісімі (егер құрылыс аяқталған нысанды қосу болса);
– егер құжаттар жоқ болса – жергілікті атқарушы органдардың газдандыруға берген өтінімі.3. Жер учаскесіне тіркелген құқықтар (немесе ауыртпалықтар) туралы мәліметтер, не құқық белгілейтін құжаттар.
4. Газдандырылатын нысанның (тұрғын үйдің) техникалық паспортының көшірмесі немесе қолданыстағы ішкі желілерді қайта құруға арналған нобайлық жобаның көшірмесі.
Ескерту: өтінім берген кезде барлық құжаттардың түпнұсқасын салыстыру үшін көрсету қажет.
Өтінім беру жолдары:
Egov.kz порталы арқылы (ЭЦҚ көмегімен);
eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы (PDF форматындағы нысанның техникалық паспорты ғана тіркеледі).Байланыс деректері:
«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Астана өндірістік филиалы
Мекенжайы: Б.Момышұлы даңғылы, 2/2 ғимарат
Тел.: +7 (7172) 55 89 75