«Даму» қоры «Бәйтерек» холдингінің және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен микро-, шағын және орта бизнеске арналған «Өрлеу» бағдарламасының басталғанын хабарлайды. Бағдарлама өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.
Бағдарлама шарттары:
▫️ сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 12,6%-дан аспайды;
▫️ қарыз сомасы: инвестицияға – 7 млрд тг-ге дейін, айналым қаражатына – 3,5 млрд тг-ге дейін;
▫️ мерзімі: инвестицияға – 10 жылға дейін, айналым қаражатына – 3 жылға дейін, қайта қаржыландыру – қолданыстағы қарыздың қалған мерзімі шегінде.
Несие алуға болатын банктер:
Қазіргі таңда бағдарламаға қосылған банктер: Freedom Bank, Банк ЦентрКредит, Halyk Bank, ForteBank, Nurbank.
ℹ️ Қосымша ақпарат алу үшін Ақмола облысы бойынша «Даму» қорының филиалына хабарласыңыз:
📍 Көкшетау қ., Ақан сері көшесі, 46/1
📞 +7 (702) 610-28-38