Қосшы қаласының мәдени орталығы алаңында жаңа салық кодексінің ережелерін түсіндіру бойынша семинар өтті.
Осы іс-шараға Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарының директорларымен бірлесіп қатыстым.
Семинарларды еліміздің барлық өңірлерінде Мемлекеттік кірістер комитеті, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп өткізеді.
Іс-шараға Ақмола облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері, өңірдің кәсіпкерлері қатысты.
Негізгі мақсат - қатысушыларды мемлекеттің салық саясатындағы негізгі өзгерістермен таныстыру.
Ақмола облысы Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шайкенов бизнес-қоғамдастыққа салық реформасының басты жаңалықтары туралы айтып берді.
* жаңа сараланған салық ставкалары;
* ЖТС прогрессивті шкаласы;
* ҚҚС реформалау енгізу;
* арнайы салық режимдерінің және жеңілдіктер алудың жаңартылған ережелері;
* әкімшілендіруді цифрландыру және сервистік модельге көшу;
* салық есептілігін 30% -ға қысқарту.
Салықтық әкімшілендірудегі тәсілдер айтарлықтай өзгеруде. Камералдық бақылау алдын алу сипатында болады. Салық берешегін өндіріп алу, кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімдері жеңілдетілуде. Берешек аз болған жағдайда бизнес шоттарына тыйым салынбайды. Хабарламалар мен шаралар борыш сомасына қарай кезең-кезеңмен қолданылатын болады.
Кәсіпорындар бухгалтерлерінің көптігінің, нақты қойылған сұрақтардың арқасында семинар кызыкты, пайдалы өтті - кәсіпкерлер жаңа нормаларды қолдану бойынша өзекті сұрақтар мен ұсыныстарға жауап алды.
Мұндай түсіндіру кездесулері осы жылдың соңына дейін облыстың барлық аудандарында өткізілетін болады.
#Ақмолаоблысыныңкәсіпкерлерпалатасы