Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев қала тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға қалалық мәслихат депутаты, қоғамдық кеңес мүшелері және тиісті бөлім басшылары да қатысты.

🔹 Кездесу барысында жол құрылысы, электр жарығы, көше шамдарын қосу, ауланы абаттандыру, ауыз су, газдандыру, жеке кәсіпкерлік пен тұрғын үй кезегі бойынша өтініштер қаралды.

✔️ Әр мәселе жеке талқыланып, түсініктемелер берілді. Тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.

ℹ️ Еске саламыз: азаматтарды жеке қабылдау әр сәрсенбі күні, сағат 09:00–12:00 аралығында өтеді