Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақмола облысының биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өңірді өркендету перспективасы жөнінде баяндалды.

➤ Марат Ахметжанов облыста барлық негізгі көрсеткіш бойынша өсім сақталып отырғанын жеткізді.

➤ Ауыл шаруашылығы:

🟦Өңір ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемін 1,2 триллион теңгеге дейін жеткізіп, елдің аграрлық секторының көшбасшысы ретіндегі орнын нығайтуды көздеп отыр;

🟦Биыл өнімділігі өте жоғары, соның ішінде майлы дақылдар алқабы 2,5 есе ұлғайды.

➤ Инвестициялық жобалар:

🟦Аршалы ауданында республикалық маңызы бар Aqmola индустриялық аймағы құрылды;

🟦Жалпы құны 4 миллиард доллардан асатын инвестициялық портфель жасақталды. Осы арқылы 10 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.

➤ Әлеуметтік инфрақұрылымдар:

🟦Соңғы екі жыл ішінде 4,7 мың тұрғын баспаналы болды. Бұл алдыңғы жеті жылдың көрсеткішіне тең;

🟦Кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал тобы 29 пайызға азайды;

🟦Қосшы қаласында үлескерлердің мәселесі оң шешіліп жатыр.

➤ Білім:

🟦Екі жыл ішінде 21 мың оқушыға арналған 33 нысан бой көтерді.

🟦Жаңа оқу жылы қарсаңында өңірде апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешілді.

➤ Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:

🟦Жылыту маусымына дайындық жоспарға сай жүргізіліп жатыр;

🟦Көкшетауда электр қуаты 240 Мвт, ал жылу қуаты 520 Гкал/сағат болатын жылу электр орталығы салына бастады;

🟦Су тазарту нысандарының құрылысы аяқталуға жақын;

🟦Облыс орталығында тұратын 200 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады;

🟦Жыл соңына дейін 9 елді мекенге газ құбыры тартылады.

➤ Президент:

❗️Реновация бағдарламасы арқылы халықтың әлеуметтік осал тобын баспанамен қамтудағы облыстың оң тәжірибесін атап өтті.

📌Егін жинау науқанын ұйымдастыру, Қосшы қаласының дамуы бойынша тиісті шараларды қабылдау, су тасқынына қарсы жүйелі жұмыс жүргізу, сондай-ақ инвестиция тарту жөнінде нақты тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi