Татулық – тірегіміз, бірлік – тілегіміз

Татулық – тірегіміз, бірлік – тілегіміз

Қазақстан – сан ұлттың басын қосқан, рухани үндестікті ту еткен мемлекет. Осы бір қасиетті өлкеде әрбір азаматтың тіліне, дініне, дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарау – қалыпты өмір салтына айналған.

Бүгінде еліміздегі этнос өкілдері ортақ мақсатқа ұмтылып, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Олар білім, мәдениет, ғылым, өндіріс секілді түрлі салаларда еңбек етіп, ел игілігіне қызмет етуде.

Бейбітшілік пен өзара сыйластықтың үлгісін көрсете білген қоғам – берік мемлекеттің негізі. Ұлттық бірлік пен қоғамдық келісім – Қазақстанның тұрақты дамуының басты кепілі.

Біз үшін ең қымбат құндылық – ел ішіндегі татулық. Осы игілікті жолда әр азаматтың рөлі маңызды. Себебі, бірлік – болашаққа бастар жарқын жол.