Ұлттық спортты кеңінен насихаттау және жас балуандардың шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған бұл додада еліміздің түрлі аймақтарынан келген 30-ға жуық үздік балуан белдесті.
🏟️ Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендерге тартысты әрі қызықты белдесулер ұсынылды.
🏅 Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар келесідей анықталды:
🥇 І орын – Халхабаев Жасулан (Астана қаласы)
🥈 ІІ орын – Төренов Алдияр (Жамбыл облысы)
🥉 ІІІ орын – Исмагулов Нұрсұлтан (Астана қаласы)
🥉 ІІІ орын – Жунусов Асет (Көкшетау қаласы)
🎖️ Жүлдегерлер арнайы медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
🏆 Салтанатты марапаттау рәсіміне Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тулендин Ардақ Болатұлы қатысып, жеңімпаздарға марапаттарын табыстады.