Бүгін Қосшы қаласында жүздеген адамның жылдар бойы күткен қуанышты сәті орын алды. «Сиреневый сад» тұрғын үй кешенінің үлескерлері пәтер кілттерін алды

Бүгін Қосшы қаласында жүздеген адамның жылдар бойы күткен қуанышты сәті орын алды. «Сиреневый сад» тұрғын үй кешенінің үлескерлері пәтер кілттерін алды

2013 жылы құрылысына қаржы салған 110 отбасы он бір жылдан кейін өз баспанасына ие болды.
Салтанатты шара Қосшы қаласының туған күнімен тұспа-тұс келіп, оқиғаның маңызын арттыра түсті. Төрт жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қала мәртебесіне ие болған Қосшы қарқынды дамып келеді. Үлескерлердің бүгінгі қоныс тойы шешімі кешеуілдеген мәселелер де өз шешімін табатынын көрсетіп отыр.
Көп жылдан бері қаңырап бос тұрған бұл тұрғын үй кешеніне жаңа «Ынтымақ» атауы берілді. Бұл атау қазақ тілінен аударғанда «бірлік», «келісім» деген мағына береді. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, бұл жаңа атау нысанның жаңа өмірге қадам басуын және ұзақ үміттің аяқталғанын білдіреді.