
Биыл қаламыздың құрылғанына - 4 жыл!
Назарларыңызға қала күні мерекесіне орай өтетін мәдени, рухани, спорттық шаралардың бағдарламасын ұсынамыз.
✅21 шілде, сағат 16.00.- «Сүйікті қалам, Қосшы!» суретшілердің көрме-жәрмеңкесі (Лесная поляна шағын ауданындағы аллея);
✅21 шілде, сағат 19.00.- Ашық аспан астындағы концерт (Қоғамдық мәдени-спорт кешенінің дала театры, Республика көшесі, 11);
✅22 шілде, сағат 16.00. -«1461 тәулік біргеміз!». Қаланың қалыптасуы жолында әр салада еңбек етіп келе жатқан тұлғалардың, белсенді азаматтардың қатысуымен TEDxQosshy конференциясы (Қоғамдық мәдени-спорт кешенінің дала театры, Республика көшесі, 11);
✅22 шілде, сағат 18.00. «QOSSHY» ойын-сауық театрының және қаланың құрылуына арналған спектакльдің тұсаукесері (Қоғамдық мәдени-спорт кешенінің дала театры, Республика көшесі, 11);
✅23 шілде, сағат 19.30. - дарынды әнші, халықтың сүйіктісі Асқар Мұқияттың «Сарыарқа» шығармашылық ән кеші (Қоғамдық мәдени-спорт кешенінің дала театры, Республика көшесі, 11);
✅24 шілде, сағат 07.00. «KROSS- Салауатты өмір салты - 2025» 4 шақырымдық марафоны (басталу орны «Alan» спорт кешені, Лесная поляна 34/1);
✅24 шілде, сағат 14.00. «Түйе палуан» қазақ күресінен ашық турнир (Қоғамдық мәдени-спорт кешенінің дала театры, Республика көшесі, 11);
✅24 шілде, сағат 18.00. -«Кешкі жәрмеңке» қолөнер шеберлерінің, жеке кәсіпкерлердің туындыларының көрме-жәрмеңкесі (Қоғамдық мәдени-спорт кешенінің дала театры, Республика көшесі, 11);
✅25 шілде, сағат 19.00. ҚР халық әртісі, композитор, Қазақстаның Еңбек ері Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына және Қосшы қаласының 4 жылдығына орай Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына ену мақсатында Шәмші әндерінен қала тұрғындарымен 300 жұптық вальс биін билеу (Қосшы мектеп-гимназиясының сыртқы алаңы, Лесная поляна 61);
✅26 шілде, сағат 18.00 -“Туған күніңмен, ҚОСШЫ!” Республикалық жайдарман ойыны (Республика көшесі, 94)
✅27 шілде, сағат 19.00.- “Туған күніңмен, Қосшым!”. Қала өнерпаздары мен Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен Open AIR концерті ( Республика көшесі, 94)