Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Садыров тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға қалалық мәслихат депутаты, қоғамдық кеңес мүшесі және тиісті бөлім басшылары қатысты.

Кездесу барысында тұрғындар жол құрылысы, электр жарығы, көше шамдарын қосу, ауланы абаттандыру, ауыз су, газдандыру, жеке кәсіпкерлік және тұрғын үй кезегі, үлескерлер мәселесі бойынша өз өтініштерін жеткізді.

Әрбір мәселе жеке қаралып, нақты түсініктемелер мен жауаптар берілді. Тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.

Еске саламыз, Қосшы қаласы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы әр апта сайын сәрсенбі күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.