Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға қалалық мәслихат депутаты, қоғамдық кеңес мүшесі және тиісті бөлім басшылары қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар жол құрылысы, электр жарығы, көше шамдарын орнату, абаттандыру, ауыз су және тұрғын үй кезегі мәселесі бойынша өз өтініштерін жеткізді.
Әрбір мәселе жеке қаралып, нақты түсініктемелер мен жауаптар берілді. Тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.