Қосшы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы БАҚ өкілдеріне таныстырылды

Қосшы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы БАҚ өкілдеріне таныстырылды

Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған есептік брифинг өткізді.

Баспасөз алаңында қала әкімі Қосшының даму көрсеткіштері, инфрақұрылымдық жобалар, тұрғын үй құрылысы, білім, денсаулық сақтау және басқа да маңызды салалардағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты баяндады.

🔹 Брифинг барысында журналистер тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Мұндай кездесулер қоғаммен ашық диалог орнатуға, қаладағы өзекті мәселелер мен алдағы жоспарларды БАҚ арқылы кеңінен түсіндіруге жол ашады.

#Қосшықаласы
#ОКҚ
#БАҚпенбайланыс
#Әлеуметтікэкономикалықдаму
#Қосшыәкімдігі