Астана қаласы маңындағы елді мекендердің агломерациялық даму мәселесі «AMANAT» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңестің «Қазақстан Республикасындағы агломерациялардың проблемалық мәселелері» тақырыбындағы отырысында талқыланды

🔹️Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Кеңес төрағасы Берік Бейсенғалиев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Бақытұлы Омарбеков, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова, Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

🔹️Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев қаланың агломерациялық даму барысы мен негізгі мәселелері жөнінде арнайы баяндама жасады.

🔹 Қала әкімі инфрақұрылымды жетілдіру, көлік байланысын дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды

🔹 Мұндай кездесулер өңірлік даму саясатын үйлестіруге және өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.

#Қосшықаласы
#Астанаагломерациясы
#ӨңірлікДаму
#AMANAT
#Қосшыәкімдігі