Іс-шараға жұмыс сапарымен келген Ақмола облысы әкімінің аппараты Мемлекеттік қызметтерді ұсынуды талдау бөлімінің басшысы Жұмабек Данагүл Ғалиоллақызы қатысты.
Семинар барысында проактивті форматқа көшу мәселелері қарастырылып, әлеуметтік әмиянды енгізу жөнінде ақпарат ұсынылды.
Іс-шараға қалалық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ балабақша, денсаулық сақтау және білім беру салаларының мамандары қатысты. Жиын барысында спикер мемлекеттік қызметтер көрсету тәжірибесі, заманауи тәсілдерді енгізу және өзекті мәселелер бойынша қатысушылардың сауалдарына жауап берді.