Бүгін Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбілхамитұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қала әкімінің орынбасарымен бірге қабылдауға мәслихат депутаты, қоғамдық кеңес мүшесі және бөлім басшылары қатысты.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан абаттандыру, үй кезегі, көп қабатты тұрғын үй мәселесі, жол құрылысы, электр жарығы және көше шамдарын жарықтандыру бойынша сұрақтар қойылды.
Барлық шағым мен сұрақтарға жауап беріліп, бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.