Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, Қосшы қаласының әкімі Азамат Есімұлы Қапышевтің қаладағы Қоғамдық мәдени-спорт кешенінде тұрғындармен кезекті кездесуі өтті.
Кездесу барысында қала әкімі әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық даму бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлармен таныстырды.
Тұрғындар тарапынан:
🔹 көше жолдарының жай-күйі;
🔹 абаттандыру жұмыстары;
🔹 мектептердегі жөндеу жұмыстары;
🔹 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерге қатысты бірқатар сұрақтар қойылды.
Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Тұрғындар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер назарға алынып, алдағы уақытта тиісті шаралар қабылданатын болады.
Осындай кездесулер қала тұрғындарымен ашық диалог орнатуға, халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, оларды шешу бағытында бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
#Қосшықаласы #ӘкімКездесу #ХалықпенБайланыс #АшықӘкімдік