Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға қалалық мәслихат депутаты, қоғамдық кеңес мүшесі және тиісті бөлім басшылары қатысты.

Кездесу барысында тұрғындар жол құрылысы, тұрғын үй алу кезегі, электр жарығы, көше шамдарын орнату, мал жайылымы, ауыз су мәселесі, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту бойынша өз өтініштерін жеткізді.

Әрбір мәселе жеке қаралып, нақты түсініктемелер мен жауаптар берілді. Тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.

Еске саламыз, Қосшы қаласы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы әр апта сайын сәрсенбі күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.