2024 жылғы 31 наурызда өткен Қосшы қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2024 жылғы 31 наурызда өткен Қосшы қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2024 жылғы 31 наурызда № 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 1435 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 333 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 0 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 4.

№ 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихатының шығып қалған депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Р.Б. Баекеева үшін сайлаушылардың 21 дауысы берілді,

С.М. Дүкенбаев үшін сайлаушылардың 201 дауысы берілді,

М.К. Исина үшін сайлаушылардың 7 дауысы берілді,

Е.Д. Мыңжасар үшін сайлаушылардың 92 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 7.

Сайлау қорытындысымен № 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихаттың депутаты болып - Дүкенбаев Сәбит Мұратұлы, 1984 жылы туған, «Алпамыс» спорт клубның директоры, Қосшы қаласында тұрады сайланды.

 

 

Қосшы қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Документ
Дата публикации
01 апреля 2024