
Ардақты аналар!
Аяулы арулар!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Ана сүтімен барша халықтың рухы, арман-үміті болып табылатын тілі мен тарихы, салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті жас ұрпақ бойына дариды.Ел тарихының қай кезеңінде болсын, батыр аналарымыз асқан ерлігі мен өнегелі істерінің арқасында бірлік, тұрақтылық, өркендеу сияқты арқаулы құндылықтар қалыптастыра білген.
Әйелдер бүгінде барлық салада жемісті еңбек етіп жүр. Қорғалжын ауданының қыз-келіншектері де барлық саланы: кәсіпкерлік пен саясат, білім мен денсаулық, ғылым мен өнерді еркін меңгеріп, бізді жетістіктерімен қуантуда.
Бүгінгідей әсемдік пен сұлулық мерекесі күні сіздерге және жанұяларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін.Көктем мерекесі құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Қорғалжын ауданының әкімі Б.Жанбаев