Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулер өткізілді

Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулер өткізілді

2022 жылғы 10 тамызда аудан әкімі Берік Амантайұлы Жанбаевтың, мәслихат депутаттарының, аудандық мекеме басшыларының қатысуымен халыққа есеп беру кездесулерін өткізу кестесіне сәйкес Амангелді және Майшұқыр ауылдық округтерінің тұрғындарымен есеп беру кездесулері өтті. Кездесулерде ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалып, халықты толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды. Барлық сұрақтарға жауаптар алынды. Қойылған әрбір сұрақ бақылауға алынады. Жауапты басшыларға тапсырмалар берілді.