Творческий концерт "Дала сыры"

Творческий концерт "Дала сыры"

24 маусымында Қорғалжын ауданында Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор, композитор Кенжебек Күмісбековтің 95 жылдығына арналған «Дала сыры» атты шығармашылық концерт Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы шақыртумен келген Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Қазақ оркестрі композитордың «Дала Сыры» шығармасын орындауымен ашылды. Дирижері ҚР Мәдениет қайраткері -Нұрлан Бекенов.
Кенжебек Күмісбековтың «Дала сыры» шығармасы өзінің ұстазы – саналы ғұмырын қазақ өнеріне арнаған көрнекті ғалым, композитор Ахмет Жұбановқа арнап жазылған болатын. Концертте оркестр сүйемелдеуімен К.Күмісбековтің танымал шығармалары жоғары деңгейде орындалды. Қорғалжын ауданының күміс көмей әншілері -Төрежан Бейсембеков, Гүлшат Әбубәкірова және Ләззат Құсайынова қазақ оркестрінің акомпониментіне күрделі композицияларды нақшына келтіріп орындап шықты. Аудандық Мәдениет үйінің үлкен залына жиналған халықтың өнерпаздарға деген ризашылығында шек болмады.