«Atamnyn Amanaty»

«Atamnyn Amanaty»

 

Жылдан жылға саны азайып бара жатқан ҰОС ардагерлерін көзі тірісінде құрметтеу өзгеше бақыт. Алайда, осы күнге аты мен опат болған жері белгісіз кеткен талай боздақ жер астында жатыр. Әуелде, қазақ халқы аманатқа нық, сертке берік халықпыз ғой. Сол үшін елге, жерге оралмаған әкелердің сүйегін қайтару мына кейінгі дәуір ұрпақтарының міндеті. Сондай сауапты іс-әрекетті бүгінде «Atamnyn Amanaty»  қоғамдық бірлестігі атқарып келеді. Осы бірлестіктің Ресей Федерациясымен келісімге отыру нәтижесінде Тверь облысы, Ржев қаласынан үш сарбаздың сүйегі елге қайтарылды. Ол сарбаздар Жұманов Қамен, Жұмабеков Төлеубай және аты-жөні белгісіз жауынгер. Марқұмдардың сүйектерін ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери - көлік ұшағы11 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына жеткізді, «Atamnyn Amanaty» ҚБ өкілдерімен бірлесіп сүйектерді күтіп алып, келесі күні Көкшетау қаласына жеткізді. Көкшетау қаласының Даңқ мемориалында Ақмола облысының әкімі                                     Е.Б. Маржықпаевтың, Ресей Федерациясы Елшілігінің, «Atamnyn Amanaty» ҚБ өкілдерінің , аудан әкімінің қатысуымен қаза тапқан жауынгерлерге әскери құрмет көрсете отырып, естелік акция өткізілді. Бұл шаралардың барлығына марқұмдардың туыстары мен жақындары қатысты. Маусымның 13-і күні жауынгерлердің сүйектері Қорғалжын ауылының шетіндегі үлкен қорымға жерленді. Жамбасы туған жердің топырағына тиген сарбаздардың рухы жәннаттан орын тапсын деген тілек айтамыз.