Зейнетақы төлемін алдын-ала есепте

Зейнетақы төлемін алдын-ала есепте

Зейнетақы жасына кем дегенде үш ай уақыт қалғанда, өтініш беруші кеңес алу және алдын-ала есеп алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ әлеуметтік қамтамасыз ету филиалының бәлімшелеріне өтініш бере алады.

Кеңес алу үшін жеке куәлік пен еңбек кітапшасы, білім алу құжаты, әскери билет қажет. Әйелдерге сонымен қатар, неке туралы куәлігі мен балалардың туу куәлігі қажет.

Филиал қызметкері кеңес беру мен зейнетақы төлемін алдын-ала есептеу жөніндегі ақпаратты өтініш берушіге қағаз түрінде береді.

Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік қамтамасыз ету филиалының бөлімшелеріне өтініш беруші өзі өтініш жасаса, сол күні кеңес алу мен алдын-ала есептеуін алады.

Әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша сұрақтар болса, Біріңғай байланыс-орталығына, 1411 нөміріне хабарласуға болады.