Онлайн форматта жеке қабылдау

Онлайн форматта жеке қабылдау

Құрметті Қорғалжын ауданының тұрғындары!

 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығын жүзеге асыру, сондай-ақ пандемия кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында, 2021 жылғы 2 ақпан сағат 15:00-де Қорғалжын ауданының әкімі Жанбаев Берік Амантайұлы,    аудан әкімдігінің Instagram және Facebook парақшасында онлайн режимінде жеке қабылдау өтетін болады. Сіздерді толғандырған мәселелер  болса сұрақтарынызды эфирде  қоюға болады.

Тұрғындар өз сұрақтары мен ұсыныстарын аудан және ауыл әкімдіктерінің ғимараттарында орнатылған жәшіктерге жазбаша түрде сұрақтар мен ұсыныстарын қалдыра алады, сонымен қатар,  Қорғалжын ауданы әкімдігінің электрондық поштасына, сұрақтарды алдын ала жолдауларыңызға болады (Т.А.Ә., мекен-жай, телефон нөмірі, қойылған сұрақтың мәні).

Анықтама телефоны: 8-71637-2-19-40.

Қорғалжын ауданы әкімі аппараты