Өңірде тұрақсыз

Өңірде тұрақсыз

«Аурудың жоғарылауы бойынша облыс қызыл аймақта. Бүгінгі таңда пандемия басталғаннан бері 8558 жағдай тіркелді. Аурулардың ең көп саны Көкшетау қаласында - 45%, сондай-ақ Степногорск қаласы, Бурабай, Сандықтау, Зеренді аудандарында», - дейді Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

Айнагүл Советқызы кәсіпкерлік субъектілеріне карантиндік шараларды сақтау қажеттілігін тағы да еске салды. Мысалы, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл - 230 АЕК (670 910 теңге), жеке тұлғалар үшін - 30 АЕК (87 510 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - 1600 АЕК (4 667 200 теңге).

Тұрақты бұзушылықтар тіркелген жағдайда, кәсіпкерлік нысандарының жұмысын 3 айға дейін тоқтатуы мүмкін.
Айтпақшы, бүгінгі күні анықталған бұзушылықтар үшін 123 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.