Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті

1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпы халықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Жоғарғы Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет - Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтті.

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті. Аудан әкімі Б.А. Жанбаев  мерекемен құттықтап, Н.Ә.Назарбаевтың рөлін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің дамуындағы рөлін  атап өтті. Мерекеге орай аудан ұйымдарының бірқатар басшылары мен қызметкерлері облыстық басқармалардың, сондай-ақ аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Іс-шара соңында Тұңғыш Президент туралы фильм көрсетілді.