Темір жол көлігі саласындағы шектеулер

Темір жол көлігі саласындағы шектеулер

Ақмола облысында теміржол көлігі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейте отырып, бұрынғы режимде жұмыс істейді. Облыс орталығының теміржол вокзалы сағат сайын желдетіліп, дезинфекциялау құралдарымен өңделеді.
ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 9 қарашадан бастап "Алматы-Петропавл" №705/706 жолаушылар пойыздарының жүру жиілігі күн сайын және "Павлодар - Алматы" №31/32 белгіленген күндер бойынша уақытша өзгереді.
Бұдан басқа, 1, 2 және 3 - сыныпты вокзалдар орналасқан Атбасар, Ерейментау, Аршалы, Бурабай, Есіл, Макинка, Ақкөл, Жалтыр және Көкшетау курорттарынан басқа барлық станцияларға билеттер сатуға уақытша тыйым салынды.
Птр-тестті Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген жолаушылар тапсырады.