Көкшетау қаласында авиакөлік саласындағы шектеулер

Көкшетау қаласында авиакөлік саласындағы шектеулер

Көкшетау қаласының халықаралық әуежайы бұрынғы режимде жұмыс істейді, бірақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптар күшейтіледі.
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келген барлық адамдар термометриядан және сауалнамадан өтеді. Сондай-ақ, олар ПТР әдісімен COVID-19 тестінен өткендігі туралы анықтаманы ұсынуы керек. Бұл ретте нәтиже берілген сәттен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте үш тәуліктен аспауға тиіс. 5 жасқа дейінгі балаларға анықтама оларды алып жүретін адамдарда анықтама болған кезде берілмейді.
Егер келген азаматтың температурасы көтерілсе, олар инфекциялық стационарда оқшаулануға жатады.
ҚР-ға келген азаматтар, Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтама болмаған кезде ПТР әдісімен covid-19-ға зертханалық тексеру үшін 7 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады.