Аудан әкімдігінде маңызды кездесу өтті

Аудан әкімдігінде маңызды кездесу өтті

2026 жылғы 20 сәуір күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директорымен кездесу өтті.

Аталған жиынға ауданның мемлекеттік қызметшілері қатысып, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, кадрлық әлеуетті арттыру және кәсіби біліктілікті дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бағытындағы алдағы жұмыстар жөнінде ақпарат берілді.