Аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы өтті

Аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы өтті

Бүгін аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауға келген азаматтар негізінен егістік және жайылым жер мәселелері, сондай-ақ тұрғын үй кезегі бойынша өзекті сұрақтарын көтерді.

Әрбір тұрғынның мәселесі мұқият қаралып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Көтерілген сұрақтардың шешілуі аудан әкімінің тұрақты бақылауында болады.

Азаматтарды толғандырған мәселелерді дер кезінде шешу – жергілікті атқарушы органдардың басты міндеттерінің бірі.