Қорғалжын ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесі қаралды

Қорғалжын ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесі қаралды

2026 жылғы 18 наурыз күні Қорғалжын аудандық әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Алмас Алиннің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Аталған жиынға аудан прокуроры Кемелбеков Жасұлан Бурханбайұлы да қатысты.

Жиын барысында 2026 жылға су тасқынының алдын алу бойынша дайындық жұмыстары жан-жақты талқыланды. Аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әбішев, ауылдық округ әкімдері және жауапты сала басшылары баяндама жасап, өңірдегі қазіргі жағдай мен дайындық деңгейі туралы ақпарат берді.

Күн тәртібі аясында:
✔️ су басу қаупі бар аумақтар
✔️ эвакуация жоспарлары
✔️ техника мен адам ресурстарының дайындығы
✔️ инженерлік қорғаныс нысандарының жағдайы қаралды

Отырыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді:
🔹 қауіпті аймақтардың карталарын жаңарту
🔹 эвакуация жоспарларын бекіту
🔹 материалдық-техникалық резервті толықтыру
🔹 халықпен түсіндіру жұмыстарын күшейту
🔹 тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар бөліміне және жауапты тұлғаларға су тасқыны қаупін азайту бағытында бірқатар нақты міндеттер жүктелді.